Skip to content Skip to left sidebar Skip to footer

ҚЫЗМЕТІ

«Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа да әлеуметтік-саяси мақсаттарды  көздейтін, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

«Нәзір Tөреқұлов»  Халықаралық қайырымдылық қорының миссиясы – тұңғыш қазақстандық дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Tөреқұловтың тарихи мұрасын жинастыру, зерттеу және насихаттау арқылы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде Қазақстанды құруда  ықпал ету болып табылады.

Қор мүдделерінің бірі болып заңды және жеке тұлғалармен, сондай-ақ шетелдіктермен,  барлық мүдделі топтармен іскерлік байланыстар мен ынтымақтастық орнату болып табылады.

Қор міндеті – демеушілік жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ, шығармашылық, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамыту, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге көмек көрсету, дарынды жастар мен балаларға қолдау көрсету, мәдени іс-шаралар жүргізу.