Skip to content Skip to left sidebar Skip to footer

ҚОР ТУРАЛЫ

«Нәзір Төреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қоры 1993 жылы құрылды. «Нәзір Төреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қоры —  халықаралық үкіметтік емес, қоғамдық, коммерциялық емес ұйым.

Ерікті негізде Қордың қызметіне  барлық елдердің заңды тұлғалары мен азаматтары қатыса алады. «Нәзір Төреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қоры басқа да қорлармен, халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес бірлестіктермен өзара қарым-қатынаста болып, сондай-ақ басқа мемлекеттегі білім беру мекемелерімен  байланыс жүргізеді.

«Нәзір Төреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қоры —  қазіргі Қазақстандағы алғашқы қоғамдық қорлардың бірі.  Ол ағымдағы қазақ  және әлемдік тарихына қатысы бар, әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелер бойынша зерттеулер жүргізеді. Біздің қорымыз демократиялық құндылықтарды, қоғамдағы адамгершілік, гуманистік принциптерін басты мақсатта ұстай отырып  Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік бағытталған мемлекет ретінде қалыптасуына үлес қосу

«Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қоры — әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа да қоғамдық-саяси мақсаттарда құрылған коммерциялық емес халықаралық қоғамдық ұйым болып табылады.