БАСТЫ ПАРАҚ

       Халықаралық саясат, дипломатия, мәдениет, филология және қоғамдық өмірдің басқа да салаларынан энциклопедиялық білімі бар,  сонымен қатар ол  барлық осы салаларда тез арада танылған ұлттың сарапшысы бола білді. Нәзір Төреқұлов өзінің бүкіл өмірін туған елінің қызметіне арнап,  ол қазақ халқының ақыл-ой және сана ұмтылыстарына, шынайы ар-ожданына арқау  етті.

Қайсыбір мемлекетке қатысты саяси бағдарымыз көбіне оның кімнің әрі қалай жүзеге асыруына қатысты келеді. Бұл ретте КСРО–ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі Н.Төреқұловтың айрықша орны даусыз. Сол жылдардағы басшылықты Ислам жеріндегі өз өкілі ретінде біріншіден, діни нәзіктікті тереңнен түсінетін, екіншіден, аса зиялы, білімдар, революция ісіне адал мемлекет қайраткерін дұрыс таңдаған кадр саясатын атап өтуге міндеттіміз. Бұл өзін толайымен ақтаған таңдау еді. Нәзір Төреқұлов 8 жыл бойына (1928–1936 жж.) өз елін Сауд Арабиясына лайықты таныта білді – бұл сол уақыттағы рекордтық мерзім.

Академик Примаков Е.М.

 

Ардақты ағайындар, құрметті бауырлар!

Баршаңызды күллі мұсылман жұртының Ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт күндеріндегі ізгі ниеттеріңіз бен тілектеріңіз қабыл болсын! Алла тағала Отанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра түссін, елімізге ырыс-береке берсін, мақсаттарыңызды асыл етсін! Сіздерге осындай Ұлық күндері зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игі де ізгі қызметтеріңізге жеміс, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін! Ізгі ниетпен, Қор президенті, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР  ҰҒА-ның  құрметті  академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжапар Сапарбаев

0 comments

КСРО ресми уәкілі

0 comments

Нәзір Төреқұловқа 122 жыл

0 comments