Skip to content Skip to left sidebar Skip to footer

ҚОР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

«Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қоры сайтының Құрметті қонақтары!

Мен Сіздерді өз блогымның парақшасында құттықтауыма қуаныштымын!

«Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қоры қызметінің мәні болып келесілер табылады:

– тұңғыш кәсіби дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Tөреқұлов туралы сенімді кәсіби ақпараттар  беру;

– мемлекеттік және қазақстандық патриотизм идеясын насихаттау;

– қоғамда адамгершілік қағидаттарын дамыту, мәдениет, ғылым және ағарту салаларын нығайту;

– экономика, мәдениет, ғылым, ағарту және денсаулық сақтау салаларын дамытуда, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз ету барысында, Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін қалыптастыру мен нығайтуға елеулі үлес қосқан жеке тұлғаларды қолдау.

Біздің Қор өміріндегі  болып жатқан көптеген  игі іс-шаралар  жайында менің айтқым келеді. Бұл Блогтағы байланыстар Біздерге жылдам қарым-қатынас орнатып, Сіздерге  «Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қоры жайында қажетті айқын  ақпараттар алуды тездетеді. Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарыңыз туралы жазып, өз сауалдарыңызды қойыңыздар. Мен келешекте бұл Блогтың нақты талқылау алаңына айналады деп үміттенемін.

Сіздерді тұңғыш  кәсіби дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Tөреқұлов туралы нақты ақпараттар алу үшін, біздің «Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қорының сайтына  шақырамын.

Біздер  онлайн қарым-қатынас режимінде Сіздердің барлық қызықтыратын сұрақтарыңызға қуанышпен жауап береміз.

Құрметпен,
Қор президенті,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
ҚР  ҰҒА-ның  Құрметті академгі,
экономика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Сапарбаев Әбдіжапар Жұманұлы