Skip to content Skip to left sidebar Skip to right sidebar Skip to footer

ЖОБАЛАР

«Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қорының  күнделікті жұмыс барыстары,  өскелең ұрпақты ғылым мен техника және  білім беру жетістіктері бойынша тәрбиелеу негізінде,  жеке тұлғаларды  қалыптастыру  мен өсуіне  қажеттi жағдайлар  жасауға бағытталған, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының ағарту салаларында   жоғары нәтижеге жетуде қызмет ету болып табылады.

«Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қорының  негізгі басымдықтарының  бірі –  білім беру бағдарламалары болып табылады. Осындай бағдарламалар  аясында жаңадан  тілдер үйрету  мектебі құрылған.

Біздің мақсатымыз – жоғары және кәсіби деңгейде студенттерге  тіл  білімін үйрету.

Өскелең ұрпақты патриоттық және рухани-адамгершілік бағытында тәрбиелеу  бағдарламаларын жүзеге асыруға  жәрдем ету.

Өзекті  әлеуметтік мәселелер бойынша конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткізу, теледидарда және БАҚ-да әлеуметтік мәселелер бойынша ақпарат материалдарын орналастыру.